Accessibility links

Украин ішкі істер министрі Франкфурттегі жанжалдан кейін қызметінен кетті


Украина ішкі істер министрі Юрий Луценко өзін мас күйінде Франкфурттағы әуежайда германиялық полиция ұстады деген оқиғадан кейін орнынан кететін болды. Украина парламентінің спикері Володимир Литвиннің айтуынша, ішкі істер министрі болған Луценко заңшығарушылардан өзін қызметінен босату мәселесін қарауды сұраған. Өзін орнынан босату жөніндегі Луценконың хатында ақпарат құралдарында айтылған оқиға шындық емес делінген.
Франкурт полициясы болса, мамырдың 6-ында әуежай ресмилері Луценко мен оның 19 жасар баласы екеуі мас күйінде болғанын анықтаған соң, Сеулге баратын ұшаққа жіберілмегенін растап отыр. Оларды полиция тоқтатқанда ол екеуі ашуланып, қарсылық танытқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG