Accessibility links

Ақ үй Таяу Шығыс жетекшілерінің келетін күнін белгіледі


Ақ үйден хабарланғандай, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мамырдың 18-де, Мысыр президенті Хосни Мүбарак 26-да және Палестина жетекшісі Махмуд Аббас 28-ші мамырда Вашингтонға сапармен барады.

Ақ үй өкілі Роберт Гиббстің айтуынша, президент Барак Обама Таяу Шығыстағы бейбітшілікке қол жеткізу келісіміндегі негізгі жетекшілерді күтіп алуға дайын отыр.

Гиббстің сөзіне қарағанда, Обама ол үш жетекшінің әрқайсымен жеке-жеке кездесіп, Израиль мен Палестина және Израиль мен Араб елдері арасында бейбіт ахуалды қалыптастыруға көмектесетін барлық шараларды талқылайтын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG