Accessibility links

Ресей мен Жапония энергетикалық келісім жасады


Бүгін Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің Токиоға сапары барысында Ресей мен Жапония атом энергиясы жөніндегі келісімге қол қойды.
"Росатом" агенттігінің басшысы Сергей Кириенконың айтуынша, бұл келісім жапондық технологияны Ресейге тасымалдауға әрі жапон еліне көбірек ядролық отын сатуға жол береді. Және келісім бойынша тараптар Ресейде бірлесіп уран өндіре алады.
Кириенконың сөзіне қарағанда, бұл барлық келісім-шарттардың жалпысы бірнеше миллиард доллар деп бағаланып отыр.
Жапония мен Ресей осының алдында шығыс Сібірдегі мұнай кеніштерін бірге дамыту жөнінде келісімге қол қойды. Ол жобаның құны 153 млн доллар деп бағаланған.
XS
SM
MD
LG