Accessibility links

Греция Ресеймен газ келісіміне қол қояды


Грецияның Даму ісі бойынша министрі Костис Хацидакистің айтуынша, келісімшартқа осы апта соңында қол жеткізілуі мүмкін. Министр Оңтүстік ағыс атты газ тасымалы жобасына Грецияның қосылатынын Афинада өтіп жатқан энергия саммитінде айтты. Ресейдің қолдауындағы Оңтүстік ағыс атты газ құбыры Ресей газын Болгария арқылы Еуропаға жеткізеді. Бұл Набуко газ құбыры жобасының жүзеге асуына кедергі келтірмекші.
XS
SM
MD
LG