Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: 2010 жыл Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылы болып жарияланды


2010 жыл Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылы болып жарияланды, ал 2011 жылы Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы жылы болады, — деп хабарлады ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Екі елдің мәдениеті мен экономикасын кеңірек таныстыру мақсатында біз 2010 жылды Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылы деп, ал 2011 жылды Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы жылы етіп белгілеу мүмкіндігін қарастыруға келістік», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея президенті Ли Мён Бакпен бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында.
XS
SM
MD
LG