Accessibility links

Есеп комитеті:Астық терминалын салуға бөлінген 301,2 миллион теңге бюджет қаржысы ысырап болған


Поти портында астық терминалының құрылысын салу мерзімі Грузин жағымен кейбір мәселелерді реттемеудің салдарынан ұзаққа созылуда, — деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Оразаев.

«Терминал құрылысы 2008 жылдың бюджеттік бағдарламасында қарастырылған, бірақ 2008 жылдың аяғында министрлік ұсыныс енгізген, сол бойынша біз құрылыстың орны мен мерзімі туралы өзгерістерге келіскенбіз. Бұл шешімді үкімет мақұлдап, тиісті өзгерістер 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға енгізілді», — деді вице-министр.

Осы айдың басында Есеп комитеті «КазАгро» ұлттық холдингі АҚ –ның жұмысындағы 10,9 миллиард теңге көлеміндегі құқық бұзушылықты әшкерелеген. Атап айтқанда Поти (Грузия) және Амирабад (Иран) порттарында астық терминалының құрылысының жобалық құжаттарын жасауда 2008 жылы 301,2 миллион теңге бюджет қаржысын ысырап еткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG