Accessibility links

Алматыда есірткіге мастанған автобус жүргізушісі ұсталды


Алматыда есірткіге мастанып алып жолаушылар тасымалдайтын автобустың руліне отырған Өзбекстан азаматы ұсталды, — деп хабарлайды қалалық ІІД –нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адам есірткі пайдаланғанын жоққа шығарған жоқ, бірнеше күн бұрын достарымен бірге гашиш тартқанын айтты. Ұсталған сәтте автобуста бірнеше ондаған адам болған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралары белгіленді, ол қазір Медеу аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.
XS
SM
MD
LG