Accessibility links

Бішкек-Мәскеу пойызының жолаушысы есірткімен ұсталды


ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкектен Мәскеуге бет алған пойыздың жолаушысы, Қырғызстан азаматынан қазақстандық шекарашылар героин есірткісін тәркілеген.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мерке» теміржол шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары қолға түсірген Қырғызстан азаматының сөмкесінен жалпы салмағы 850 грамм героин табылған. Бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG