Accessibility links

Мьянмада оппозиция жетекшісі сотталуы мүмкін


Бүгін Мьянма сотында оппозицияның жетекшісі Аун Сан Су Чжидің ісі қаралуы мүмкін. Осы әйел бастаған партияның өкілі хабарлағандай, Аун Сан Су Чжи мен өзге тағы 2 әйел елді билеп отырған әскери хунта орнатқан қатаң ережені бұзған үшін сотталуы ықтимал. Ол ережеге сәйкес, әркім кімде-кімнің өз үйіне келіп түнеуге қалғанын билікке хабарлауға міндетті.
Одан бұрынғы бір хабарға қарағанда, соңғы 19 жылдан бері өз үйінде қамауда отырған 63 жастағы әйел кісіге белгісіз себеппен келген америкалық тұтқындалған көрнінеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG