Accessibility links

Мьянмада оппозиция көсемінің соты 18 мамырда өтеді


Мьянмада оппозицияның жетекшісі Аун Сан Су Чжиге үй қамауында отырудың шартын бұзды деген айып тағылып отыр. Ол туралы әйел-саясаткердің адвокаты хабарлады. 63 жастағы әйел түрмеге жеткізілді. Онің ісі бойынша сот 18 мамырда басталуға тиіс.
Ресми билік оппозиция көсемін осыдан бір апта бұрын 19 жылдан бері өз үйінде қамауда отырған әйелге белгісіз себеппен АҚШ азаматының келгені үшін айыптап отыр. Қазір АҚШ азаматы да тұтқынға алынды. Бақылаушылардың атап көрсетуінше, Мьянма елін билеп отырған әскери хунта осы оқиғаны Аун Сан Су Чжидің үй қамауында отыру мерзімін ұзарту үшін пайдаланып қалуы мүмкін. Үй қамауында отыру мерзімі мамыр айының соңында аяқталады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG