Accessibility links

Израиль премьері иордан патшасымен кездесті


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иорданияда осы елдің патшасы Абдулламен келіссөз өткізді.
Бұл кездесу Нетаньяхудың Вашингтонға алдағы дүйсенбі күні басталатын сапарының қарсаңында өтіп отыр. Оның барысында Израиль премьері АҚШ президенті Барак Обамамен Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге жан бітіру мүмкіндігін талқылайды.
Осы аптада Беньямин Нетаньяху Мысыр президенті Хосни Мүбәрәкпен келіссөз өзкізіп үлгерді. Мысыр мен Иордания Израиль-Палестина жанжалын тәуелсіз Палестина мемлекетін құру арқылы шешуге болады деп есептейді.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG