Accessibility links

Ресми Лондон Аун Сан Су Чжидің тағдырына алаңдайды


Ағылшын премьер-министрі Гордон Браун Мьянмадағы демократиялық оппозицияның жетекшісі Аун Сан Су Чжиге үй қамауында отырудың шартын бұзды деген айып тағылуына қатты алаңдайтынын мәлімдеді.
Соңғы 19 жыл бойы өз үйінде қамауда отырған 63 жастағы Нобель сыйлығының лауреаты түрмеге жеткізілді.
Билік осыдан бір апта бұрын оппозиция көсемін үйіне белгісіз себеппен АҚШ азаматының келгені үшін айыптап отыр. АҚШ азаматы да тұтқындалды. Бақылаушылардың пікірінше, Мьянманы билеп отырған әскери хунта осы оқиғаны Аун Сан Су Чжидің үй қамауында отыру мерзімін ұзарту үшін пайдаланып қалуы мүмкін. Үй қамауында отыру мерзімі мамыр айының соңында аяқталады.
60-қа жуық Мьянма босқыны Токиодағы елшілік алдында оппозиция көсемін босатуды талап етіп ереуіл өткізді.
XS
SM
MD
LG