Accessibility links

Пәкістанның Сват жазығынан қашқан халық 1 млн.-нан асты


БҰҰ-ның босқындардың істері бойынша Жоғарғы Комиссары Антонио Гутеррес Пәкістанның солтүстік-батысындағы үкімет әскері мен Талибан жасақтарының арасында шайқас болып жатқан Сват жазығынан 834 мыңнан астам бейбіт халықтың босып кеткенін мәлімдеді. Олар солтүстік-батыстан өткен жылы босып кеткен 500 мың жұртқа барып қосылады.
Босқындардың лагеріне келген жерінде Антонио Гутеррес трагедияға жол бермеу үшін Пәкістан халықаралық қауымдастықтың жаппай көмегіне мұқтаж екенін атап көрсетті.
Өткен сәуір айында Сват жазығында даулы бейбіт келісімге келгеннен кейін тәліптер көрші облыстарға үстемдік орнатпақ болған соң Пәкістан үкіметі елдің солтүстік-батысындағы жорығын бастады.
XS
SM
MD
LG