Accessibility links

БҰҰ әлемді Пәкістанға шұғыл көмек беруге шақырады


Соңғы тәуліктерде Пәкістанның солтүстік-батысындағы Сват жазығында 50-ден астам тәліптің көзі жойылып, Пәкістанның 9 жауынгері оққа ұшты. Ол туралы Пәкістан армиясы хабарлады.
БҰҰ-ның босқындардың істері бойынша Жоғарғы Комиссариатының мәліметі бойынша, шайқас болып жатқан ауданнан 830 мыңнан астам бейбіт халық босып кетті. Жоғарғы Комиссар Антонио Гутерреш халықаралық қауымдастық Пәкістанға шұғыл көмек беруге тиіс, болмаса – Пәкістанға гуманитарлық апат төніп тұр деп мәлімдеді.
Сват жазығында билік пен содырлардың арасындағы бітім бұзылған соң Пәкістан армиясы осы аудандағы жорығын бастауға мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG