Accessibility links

Кремль «Оңтүстік дәліз» жобасын іске асыруға қарсы


Ресми Мәскеу энергетикалық «Оңтүстік дәліз» жобасын Ресейдің қатысуынсыз жүзеге асыру нәтижелі болмайды деп есептейді. Бейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Андрей Нестеренко Мәскеуде өткізген бирифингте осылай деп мәлімдеді. Ол атап көрсеткендей, Еуропаны энергоресурстармен қамтамасыз ететін ең басты әріптестің мүддесін ескермейтін жобаны «саяси бастама» деп атаудан басқа жол жоқ.
Еуропа Одағы энергоресурстарды Каспий аумағы мен Таяу Шығыстан Ресейді айналып өтетін бағытпен тасымалдау жобасын ЕуроОдақтың 8 мамырдағы Прага саммитінен кейін жариялады. Батыстың бақылаушылары атап өткендей, Прагада Ресей өкілінің болуына қарамастан, «Оңтүстік дәліз» жобасында Ресей туралы сөз жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG