Accessibility links

Алғашқы тоқсанда Қазақстан тұрғындарының орташа еңбекақысы 62, 671 мың теңге болды


ҚР статистика агенттігінің мәліметінше, Қазақстан тұрғындарының орташа еңбекақысы ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 3,9%-ға өсіп, 62, 671 мың теңгені құраған.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, ең жоғарғы еңбекақы саналатын қаржы саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 135,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), тау-кен өнеркәсібінде – 115,6 мың теңге (1,8 есе), жылжымайтын мүлік нарығында – 101,1 мың теңге (1,6 есе), ал транспорт және байланыс саласы қызметкерлерінің жалақысы – 87,6 мың теңге (1,3 есе жоғары).

Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығының жұмысшыларыныкі болып отыр, яғни 26,7 мың теңге мен 27,8 мың теңге аралығында, бұл елдегі орташа деңгейден 58-60%-ға төмен.

Ал аймақтық бөліністе ең жоғарғы еңбекақы Атырау облысында – 129 мың теңге, бұл елдегі орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысындағы орташа жалақы 43,1 мың теңге, Жамбылда – 43,2 мың теңге, Ақмолада – 45,5 мың теңге болып отыр, бұл орташа деңгейден 31-35% -ға төмен, — дейді статистика мамандары.
XS
SM
MD
LG