Accessibility links

Минскіде ҰҚШҰ мемлекетаралық комиссиясының отырысы өтеді


20 мамыр күні Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы өтеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Комиссия жұмысына ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Николай Бордюжа қатысады. Жиын барысында ғылыми-өндірістік бірлестіктер құру мәселесі мен ҰҚШҰ-на мүше елдердің әскери-техникалық ынтымақтастығы бағдарламасын жасау жайы талқыланады.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2005 жылғы 23 маусымдағы шешіміне сәйкес құрылған.
XS
SM
MD
LG