Пәкістан армиясы талибан жауынгерлеріне қарсы соғыстан мыңдаған адамның шығып кетуіне жол ашу үшін Суат жазығының солтүстігіндегі комменданттық сағатын уақытша тоқтатып отыр.
Ресмилердің айтуынша, үзіліс сегіз сағатқа жарияланып, билік тұрғындарға бұл жерден кетуге кеңес беріп отыр.
Бейсенбі күні БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің басшысы Антонио Гутеррас Суат жазығындағы соғыстан қорғанып 830 мың адам өз үйлерін тастап шықты деді. Бұл өткен жылы солтүстік-батыстағы қақтығыстан 500 мың адам көшіп кеткен көрсеткіштен көбірек болып отыр.
Пәкістан әскерилерінің операциясы талибан жауынгерлері Суат жазығына шариғат заңын енгізіп, бұл өңірге бақылауларын күшейткен соң басталған болатын.