Accessibility links

Нұр-Отанның съезі президентті мадақтауға арналды


Нұр-Отан партиясының кезектен тыс өткен XII-ші съезінде Қазақстан президенті әрі партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға дамудың өзіндік жолы қажет деп айтты. Жеке бастамаға тиіспеушілік пен нарықтық экономика бүгінде үлкен күдікке тап болып отыр деді ол.
Ол әлемдік қаржы дағдарысына тоқтала келе:

“Экономика бойынша ең белгілі Нобель сыйлығының лауреаттары дағдарыстан шығудың жолдары туралы ештеңе жасай алмай отыр. Ең мықты сарапшылар ештеңе айта алмайды. Гарвард университетінің түлектері Шымкенттің университетінің түлектерімен бірдей болып қалды. Бәрі менің дағдарыс кілті деген мақаламның төңірегінде жүр”-деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұр-Отан партиясының съезі партияның он жылдық мерейтойы ретінде аталып өткен. Және Қазақстан президентін мадақтап, “Сіз менің президентімсіз, президенттен де жоғарысыз, Сіз ұстазсыз” деген президенттік жеке басына мақтаулар айтылған.
Сонымен қатар партияның жиынында, мәжіліс депутаты Кенжеғали Сағадиев, президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті сынап, оның Назарбаевқа қатысты Өкіл қайын ата деген кітап шығарғанын айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG