Accessibility links

Израиль үкімет басшысы бүгін АҚШ-қа барады


Бұл-Бенжамин Нетаняхудың Израиль үкімет басшысы ретіндегі Құрама Штаттарға алғашқы сапары. Ол сапар барысында тәуелсіз Палестина мемлекетін құру туралы бейбіт келісімге қол қоюы мүмкін. Израиль үкімет басшысы бұған дейін қос мемлекет құру туралы шешімді қолдамай келген еді. Бұл қос мемлекет құру идеясын АҚШ қызу қуаттауда. Израиль үкімет басшысы дүйсенбіде, Вашингтонда президент Барак Обамамен кездеспекші.
XS
SM
MD
LG