Accessibility links

Қарапайым азаматтар қақтығыс аймағынан шығып үлгерді дейді Шри Ланка ресмилері


Атап айтқанда өткен үш күн ішінде 50 мыңдай адам қауіпсіз жерге бас сауғалаған екен. Шри Ланка әскерилері сол үш күн ішінде Тамиль жолбарыстары атты көтерілісшілер тобымен шайқасқан. 25 жылға созылған азамат соғысына нүкте қою мақсатында жүргізілген бұл әскери шара барысында көтерілісшілер жеңіліске ұшырады деді президент Махинда Ражапакса.

Әскери өкілдер бұдан бұрын Тамиль жолбарыстарын азаматтарды тірі қалқан ретінде пайдалануда деп айыптап келген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG