Accessibility links

Eurovision жеңісін Норвегия иеленді


Украинада туылған норвегиялық әнші әрі скрипкашы Александр Рыбак Мәскеуде болған бұл ән байқауының қорытынды концертінде Ғажайып ертегі атты әні үшін бірінші орынды иеленді. Финалға шыққан 25 әнші үшін 42 елдің көрермендері дауыс берген болатын. Рыбак 387 дауыс жинақтап, рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Норвегия Eurovision байқауында 3-мәрте бірінші орынға қол жеткізіп отыр. Мамырдың 17-де аяқталған жарыста 2-орынды Исландия, 3-орынды Әзірбайжан өнерпаздары иеленді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG