Accessibility links

Пәкістан әскері Талибан бекіністеріне пәрменді түрде шабуылдауда


Әскерилердің айтуынша, үкімет күштері Матта, Канжу қалаларына енді. Ол қалалар бұған дейін Талибан бақылауында болған. Мыңнан аса қарулы өлтірілді, деген еді Пәкістан İшкі істер министрі Рехман Мәлік бұдан бұрын. Аталған шығындар ел әскерінің Талибан қарулыларына қарсы 3 апталық шабуылы барысында орын алған. Бұл шығындар жөнінде әзірге тәуелсіз бұлақтар мүмкін болмауда.

Талибан өткен айда өз бақылауына бірнеше аудандарды қаратуды ойластырып, ел астанасына 100 шақырымдай жерге жақындаған кезде, үкімет әскері оған қарсы шабуылды бастап кеткен болатын.

Одан бұрын тараптар арасында Суат жазығындағы бейбіт келісімді көздеген таласты келісімшарт жасалған еді. Аймақта бір миллионға жуық халық босып кеткен дейді БҰҰ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG