Accessibility links

Бүгін Халықаралық мұражай күні


1978 жылы өткен Халықаралық мұражайлар кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен 18 мамыр Халықаралық мұражай күні болып белгіленген.

Жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде атап өтілетін бұл атаулы күні барлық мұражайларда ашық есік күндері өтіп, көпшілік көрмелерді тегін тамашалай алады. Қазақстанда 150-ге жуық мұражай бар. Солардың бірі Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайда Халықаралық мұражай күні қарсаңында «Орталық мемлекеттік мұражай қорындағы фарфор мен керамика», «Еуразия континентіндегі гиппарионды фауна», «Қазақстан бардтары» сияқты көрмелер ашылып, қайырымдылық акциясы өтті.
XS
SM
MD
LG