Accessibility links

Алматыда «XXI — ядросыз ғасыр» атты Халықаралық конференция өтеді


Бүгін Алматыдағы Лермонтов атындағы орыс драма театрында «XXI — ядросыз ғасыр» атты Халықаралық конференция өтеді, — деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

«Невада-Семей» қозғалысының 20 жылдығына арналған бұл шараның ұйымдастырушысы — «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысы. Конференцияда қозғалыстың жиырма жылдық қызметінің қорытындылары жасалып, келешектегі мақсаттар мен міндеттемелер талқыланады.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Қазақстандағы «Невада-Семей» қозғалысы адамзат алдындағы қызметі үшін «Әлем ескерткіші» атты бүкіләлемдік регистрге енгізілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG