Accessibility links

Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі өтеді


22 мамыр күні Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі өтеді. ТМД Атқару комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжілісте ТМД шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде 18 құжат бойынша шешім қабылданбақ.

Сондай-ақ үкімет басшыларының кеңесі ортақ білім кеңістігі мен қылмыспен күрес саласындағы ақпарат алмасу, ТМД аумағына кіретін азаматтығы жоқ адамдар үшін бірыңғай жүйе құру туралы жұмыс жоспары сияқты мәселелерді талқыламақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG