Accessibility links

2009 жылғы бәсекеге қабілеттіліктің қорытындысы жарияланады


Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD, Швейцария, Лозанна) сәрсенбі күні Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жөніндегі 2009 жылдың қорытындысын жариялайды. Бұл рейтинг 57 бәсекеге қабілетті мемлекетті салыстыру нәтижесінде жасалған.

2009 жылдың қорытындысы 2/3 бөлігі статистикалық мәліметтер, 1/3 бөлігі сауалнама нәтижесінен құралған 329 көрсеткіштен тұрады. Бұл көрсеткіштер «Экономикалық әрекет», «Билік жұмысының тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым» сияқты бәсекеге қабілеттіліктің төрт факторы бойынша топтастырылған.
XS
SM
MD
LG