Accessibility links

Ауған президентінің бауыры шабуылдан аман қалғанын айтты


Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың бауыры Кабулға келе жатқан жолда талибандар торуылынан өзінің аман шығып, бірақ олар оққағарын өлтіргенін айтып отыр.
Ахмад Вали Қарзайдың айтуынша, ол бүгін таңертең елдің шығысындағы Жалалабад қаласынан Кабулға бара жатқанда, оның көлік керуеніне шабуыл болған.
Ауғанстанның Қандағар провинциясындағы аймақтық үкіметтің басшысы Ахмад Қарзай шабуыл өзіне қарсы бағытталғанын айтып отыр.
Ол ауған есірткісінің саудасына қатысы бар деп батыстық ақпарат өкілдері жазғандай даулы тұлға. Бірақ ол ондай айыптауларды жоққа шығарады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG