Accessibility links

Мьянмалық Су Чжидің соты басталды


Бүгін Мьянманың оппозициялық жетекшісі Аун Сан Су Чжи сотқа тартылды. Оған тағылған айыптар бойынша ол бес жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
Үйқамақта отырған Су Чжидің жағалаудағы үйіне американдық азамат келген соң, билік Су Чжиді келісімді бұзды деп қамауға алған болатын.
Шақырылмаған қонақ Су Чжидің үйіне бармағанда, оның үйқамақта отыру мерзімі осы айдың соңында аяқталар еді.
Бүгін Еуропа Одағы бұл жағдайға байланысты Мьянма билігіне қарсы санкцияларды қарайтындықтарын айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG