Accessibility links

Пәкістан әскері Суат жазығында тағы шайқасты


Пәкістанның қауіпсіздік күштері Суат жазығындағы басты қала Мингора маңында өздерінің талибан жауынгерлерімен қатты қақтығысқандарын айтып отыр.
Билік Мингора қаласындағы тұрғындарды мүмкіндігінше тезірек бұл жерден шығып кетуге шақырып отыр.
Пәкістан әскерилері жексенбі күні бұл аймақта тығылып жатыр деген талибан содырларын атқылаған.
Әскери күштер талибан жауынгерлерімен күресу үшін сондай-ақ Матта мен Канжу қалашықтарына да кірген.
Пәкістан ішкі істер министрі Рехман Маликтің хабарлауынша, үш апта бұрын басталған бұл операциялары барысында 1 мыңнан аса содырдың көзі жойылған.
Бұл мәлімет толығымен расталған жоқ әрі бейбіт тұрғындардың шығыны туралы ешқандай ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG