Accessibility links

Ресей мен Грузия Женевада келіссөз өткізеді


Бүгін Женевада Ресей мен Грузия елдерінің өкілдері өткен жылғы соғыстарынан кейінгі ахуалды жақсартуға бағытталған келіссөздерін өткізеді. Бұл бесінші келіссөз қауіпсіздік және қайырымдылық мәселелеріне арналып отыр.
Швейцария қаласындағы екі күндік келіссөздерге Еуропа Одағы, ЕҚЫҰ және БҰҰ арағайындық жасауда.
Бұл процестер өткен жылдың тамызындағы аймақтағы қақтығыстан кейін Мәскеудің Грузияның жікшіл аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін мойындауына байланысты жағдайдың шиеленісіп кетпеуіне бағытталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG