Accessibility links

Иран президенттігінен үміткер жаңа газет шығарды


Бүгін Иранның бұрынғы премьер-министрі, президенттіктен үміткер, реформашыл Мир Хоссейн Муссави жаңа газет шығарып отыр. Оның бұл басылымы маусымның 12-де өтетін президенттік сайлауға дайындық алдында шығып отыр.
“Каламех Сабз” қазақша жасыл сөз деп аталатын газеттің алғашқы санында президенттік кандидат Муссави мен оны қолдайтын бұрынғы реформашыл президент Мохаммад Хаттамидің үлкен суреттері шыққан.
Муссави қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың сайлауда басты қарсыласы болады деп күтіліп отыр.
Муссави 1989 жылы Иранның премьер-министрі болған.
Сайлау науқаны мамырдың 22-де ресми түрде басталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG