Accessibility links

Шри-Ланка әскері көтерілісшілерді жеңгенін айтуда


Шри-Ланка әскерилері Тамил барыстары көтерілісшілерінің бақылауындағы аймақты тазалап, соңғы жылдарда бірінші рет арал үкіметтің бақылауына өтті деп хабарлады. Ел президентінің өкілі Тамил барыстарының жетекшісі Велуппилаи Прабхакаран өлтірілген болуы мүмкін деді.
Жексенбі күні Тамил Иламның азаттығы үшін күресуші топ өздерінің 30 жылға созылған күресі аяқталғанын мойындаған.
Азиядағы бұл ұзаққа созылған азаматтық қақтығыс барысындағы жанкештілік шабуыл, жарылыс және қастандықтардан 70 мың адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG