Accessibility links

Қырғызстанда президенттікке 15 үміткер тіркелді


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясына президенттіктен үміткер ретінде 15 адам ресми тіркелді.
Мамырдың 18-і кандидаттардың тіркелетін соңғы күні болған. Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Бақытбек Жұмағұлов президенттік сайлауға түсетін 15 кандидаттың тіркелгенін растады. Оның сөзіне қарағанда, тіркелгендердің 3-еуі саяси партиялардың өкілдері, қалғандары Қырғызстан азаматы ретінде сайлауға тәуелсіз түспекші.
Қырғызстанда президенттік сайлау шілденің 23-де өтеді.
XS
SM
MD
LG