Accessibility links

Қалалық сот «Тасжарған» газетінің бақылау шағымын қарастырмақ


Ертең таңертеңгі сағат 10:00 -де Алматы қалалық сотында «Тасжарған» газетінің Парламент Мәжілісінің депутаты Ромин Мадиновтің талабына қатысты берген бақылау шағымы қарастырылады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Тасжарған» газетінің шығарушысы Ермұрат Бапидың мәлімдеуінше, газеттің шығуы тоқтатылған. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Ромин Мадинов 2008 жылы 24 сәуірде өзінің ар-намысына тиген «Байғұс латифундист» атты мақаланы басты деп «Тасжарған» газеті мен оған мақала берген тәуелсіз журналист Алмас Көшербаевты сотқа беріп, моральдық өтем талап еткен болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG