Accessibility links

Ресей мен АҚШ ядролық қарусыздану сөйлесулерін бүгін бастап кетті


Үш күнге созылатын бұл сөйлесулер Қырғи қабақ соғысы кезінде, яғни 1991 жылы қол қойылған ядролық қарусыздану туралы келісімнің орынын басатын жаңа құжат болашағын талқыламақшы. Атап айтқанда, тараптар арасында сақталып отырған ядролық қарулар туралы таласты мәселелерді талқылау қарастырылуда. АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Мәскеуде, шілденің 6-да болатын саммитіне дейін арадағы келіспеушіліктерді азайту Мәскеудегі бұл жолғы басқосудың басты мақсаты болып отыр.
XS
SM
MD
LG