Accessibility links

Ресей тарихының жазылуын қадағалау комиссиясы құрылады


Президент Дмитрий Медведев бұл туралы бұйрыққа бүгін, мамырдың 19-да қол қойды. Комиссияның міндеті- Ресей тарихын бұрмалап көрсетуге жол бермеу, дейді ресмилер. Кремль Шығыс Еуропаны нацистік Германиядан азат етудегі Совет одағының рөлі тарихшылар тарапынан бұрмаланып көрсетілуде дейді. Сыншылардың айтуынша, Кремль бірнеше онжылға созылған советтік басқыншылық әрекеттерді асыра бағалауда. Билік партиясы қазір заң жобасын әзірлеуде. Ол бойынша Екінші дүние жүзлік соғыстағы жеңіске Совет үкіметінің қосқан үлесін кемсітіп көрсету әрекеттері қылмыс деп есептелетін болады.
XS
SM
MD
LG