Accessibility links

Ресей мен Грузияның қауіпсіздік келіссөздері табысты өтті


Тараптар қайтадан шілденің 1-не қарай кездесуге уағдаласты. Қос ел мамырдың 19-ғы кездесуде жұмыс істеу тәсілдерін өзара үйлестіруге келісті, деді ЕуроОдақтың Грузия дағдарысы бойынша арнайы өкілі Пьер Морел. Дүйсенбіде, Женевада басталған бұл екі күндік сөйлесулер орынынан дәл сол күні Ресей мен Оңтүстік Осетия делегаттары шығып кетіскен болатын. Ондағы ұстанған сылтаулары- Грузияның келесі жікшіл аймағы Абхазияның осы сөйлесулерге келуден бас тартуы еді. Кейіннен келіссөздер стөліне қайта оралу туралы халықаралық шақыруға ресми Мәскеудің ден қоюынан соң кездесуді жалғастыру мүмкін болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG