Accessibility links

Ющенко президент әкімшілігінің бұрынғы басшысын қызметінен алды


Украина президенті Виктор Ющенко бұл қадамын сайлау алдында жаңа әкімшілік құрамын жасақтағысы келетінімен түсіндірді. Ол алдағы қаңтарда болатын президенттік жарысқа қайта түспекші.

Ал президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Виктор Балоха болса, Ющенко сайлауға түспеуі тиіс, деген еді. Оның айтуынша, президент Виктор Ющенко 2004 жылғы Қызғылт төңкеріс кезінде берген уәдесінің бірде-бірін орындаған емес, президенттік сайлауға үміткер ретінде қайта қатысуға оның моральдық хұқы жоқ, деген еді.

Өткен аптада аталған қызметінен кетуге арыз берген Балоха сонымен бірге үкімет басшысы Юлия Тимошенконың да орнынан кетуіне шақырды.

Сауалнамаларға қарағанда, оппозиция басшысы Виктор Янукович Тимошенкодан кейін екінші орында келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG