Accessibility links

АҚШ-Ресей ядролық келіссөздері жалғасуда


Сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей мен АҚШ ресмилері Стратегиялық қаруларды азайту келісіміне қатысты келіссөздерін одан әрі жалғастырды.

Мәскеудегі келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роуз Готтемеллер мен Ресей сыртқы істер министрлігінің қауіпсіздік пен қаруларды бақылау бөлімінің басшысы Анатолий Антонов жетекшілік етуде. Қырғиқабақ соғысынан кейін қол қойылған ядролық қарусыздану туралы бұл келісімнің мерзімі желтоқсан айында аяқталады.

Сәуір айында АҚШ президенті Барак Обама мен оның ресейлік әріптесі Дмитрий Медведев аталған келісімді жаңартуға келіскен болатын.
XS
SM
MD
LG