Accessibility links

Иран зымыранын сәтті ұшырғанын мәлімдеді


Иран орташа қашықтықтағы жер зымыранын тәжірибеден сәтті өткізгенін хабарлады. Бұл туралы президент Махмуд Ахмадинежад сәрсенбі күні елдің солтүстігіндегі Семнан өлкесіне сапары барысында мәлімдеді. 2 мың қашықтықтағы жерге жететін Седжил-2 зымыраны дәл осы аймақтан ұшырылды деп хабарланып отыр. Мұндай зымыран Израиль мен Парсы шығанағындағы АҚШ базаларына жете алады.
XS
SM
MD
LG