Accessibility links

Италия министрі Иранға бармайтын болды


Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини Иранға сапарын тоқтатты. Ресми Теһран Фраттиниден президент Махмуд Ахмадинежадпен елдің солтүстігіндегі Семнан өлкесінде кездесуін талап етті. Дәл осы аймақтан Иран орта қашықтықтағы зымыранын ұшырған болатын. Италия сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Франко Фраттини Теһранның өтінішін қабылдамады делінген. Министрлік сондай-ақ «Ауғанстан мен Пәкістанды тұрақтандыруға Иранды араластыру мүмкіндігінің жүзеге аспауына байланысты» өкініш білдірген.

Фраттини Теһранға екікүндік сапармен сәрсенбі күні ұшуға тиіс болатын.
XS
SM
MD
LG