Accessibility links

Әсет Исекешев индустрия және сауда министрі болып тағайындалды


Қазақстанның индустрия және сауда министрі болып Әсет Исекешев тағайындалды, ал бұл қызметті атқарып келген Владимир Школьник Қазатомпромның басшылығына ауысады, — деп хабарлайды ҚазТАГ. Агенттіктің хабарлауынша, жаңа басшыны министрліктің ұжымына премьер-министрдің өзі таныстырған. Ал Қазатомпромның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қай құрылымға ауысатыны туралы ақпарат жоқ.

2008 жылдың ақпан айында мемлекет басшысының жарлығымен ҚР индустрия және сауда министрі болып қайта тағайындалған 60 жастағы Владимир Школьник бұл қызметке дейін Қазақстан президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болды.

Ал 38 жастағы Әсет Исекешев ҚР индустрия және сауда вице-министрі, «Қазына» тұрақты даму қоры басқарма төрағасының орынбасары, «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС-нің қаржылық жобалар жөніндегі директоры қызметтерін атқарған.

Ә.Исекешев индустрия және сауда министрі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан президентінің көмекшісі болған.
XS
SM
MD
LG