Accessibility links

«Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі аяқталды


Алматыда халықаралық «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі өз жұмысын аяқтады. Жастар шығармашылығын қолдау мен олардың кәсіби деңгейінің дамуына жағдай жасауды көздейтін фестиваль биыл жетінші рет өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл іріктеу комиссиясына 30 мемлекеттен 466 өтініш түскен. Байқауға қатысқан 65 фильмнің 9-ы ғана қазақстандық жастардың туындысы.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, биыл «Қазақфильм» киностудиясы кинофестивалге қатысушы қазақстандықтарға ерекше сыйлық тағайындаған болатын. Ол 2010 жылы толықметражды кино түсіру мүмкіндігін беретін арнайы сертификат. Аталмыш сыйлыққа қазақстандық жас режиссер Серік Әбішов лайықты деп танылды. Биылғы доданың бас жүлдесі режиссер Дрор Захавидің «Ради отца» фильміне бұйырды. Студенттік анимация секциясы бойынша қазақстандық режиссер Адай Әбілдиновтің «Қоңырау» атты туындысы жеңіске жетті.
XS
SM
MD
LG