Accessibility links

М. Кротов: ТМД экономикасының тұрақтылығы үшін бірыңғай қор валютасы қажет


ТМД экономикасының тұрақтылығы үшін бірыңғай қор валютасы қажет деп есептейді ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротов.

«Дағдарыс жағдайында Ресей мен Қазақстан Белоруссияға, Қырғызстанға, тағы да басқа ТМД елдеріне қаржылай көмек көрсетіп, Еуразиялық даму банкі арқылы жеңілдікпен ұзақ мерзімді несие беріп отыр. Бірақ басты көмекті бірыңғай инновациялық жүйе мен аймақтық қор валютасын құру, сондай-ақ экономикалық интеграция және құқықтық жүйені жетілдіру арқылы көрсете аламыз», — деді ол.
XS
SM
MD
LG