Accessibility links

АҚШ вице-президенті Балқанға сапарын Косовода аяқтайды


Бүгін Құрама Штаттар вице-президенті Джо Байден Балқан аймағына сапарының соңында Косовоға барады. Бұл АҚШ ресмилерінің Сербиядан тәуелсіздігін жариялағаннан бергі Косовоға бірінші сапары.
Сәрсенбі күні Белградта болған Байден сербиялық жетекшілерге Құрама Штаттар Еуропаға қосылу жағдайын қарастырып жатқан Белградтың Косовоның тәуелсіздігін мойындауын күтпейді деген.
Сербия президенті Борис Тадич Косовоға қатысты пікірқайшылықтарға қарамастан, Вашингтонмен жақсы қарым-қатынас орнатуға үміт артады деді.
Бүгін Байден Приштинада Косово жетекшілерімен кездесіп, ел ассамблеясында сөз сөйлейді.
Байден Косовоның алдында Боснияда сапармен болды, жұма күні аймаққа сапары аяқталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG