Accessibility links

Грузиядағы базада көтеріліс жасамақ болған адам өлтірілген


Грузиялық ақпарат бұлақтары жазып жатқандай, полицияның операциясы кезінде осы айдың басында әскери базада астыртын әрекеттер ұйымдастырды деп күдіктелген адам өлтіріліп, тағы екеуі жараланған. Хабарларға қарағанда, бүгін таңертең полиция іздеудегі офицерлерді тапқан кезде атыс болған. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, ішкі істер министрлігінің адамы Гиа Криалашвили өлтіріліп, Коба Отанадзе мен Леван Амиридзе жараланғанын растаған.
Ол үшеуі мамырдың 5-і күні Тбилисидің шығысындағы әскери базада көтеріліс жасамақ болды деп іздеуде жүрген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG