Accessibility links

"Өкіл қайын ата" кітабын алған, оқыған адам жауапқа тартылатын болды


Бүгін Қазақстанның Бас прокуратураcы президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабын алған, оқыған және мәліметтерді таратқан адам жауапқа тартылатынын ескертті. Бұған қатысты баспасөз мәслихатын өткізген Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді.

Бұдан бір күн бұрын Бас прокуратура Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабының шығуына байланысты мемлекеттік құпияны ашты деген айыппен, Қылмыстық кодекстің 143-ші бабы бойынша «қызметтік бабын немесе астыртын ақпарат алудың арнайы техникалық құралдарын пайдалана отырып, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошталық, телеграфтық және басқа да хабарлама құпиясын заңсыз жария қылу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
Еуропада жарық көріп, Германия, Австрия сияқты елдерінде сатыла бастағанына 10 күн болғанда, кітаптың таралуына тосқауыл қою үшін Ақорда осындай шара қолдануға кірісті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG