Accessibility links

Ресей-ЕуроОдақ саммиті басталды


Ресей мен еуропалық жетекшілер Ресейдің қиыр шығыстағы қаласы Хабаровскіде екі күндік саммитін бастап кетті.
Ресей президенті Дмитрий Медведевтің жұмыс барысындағы қабылдау кешкі асына ЕуроОдақ төрағалығында отырған Чехия президенті Вацлав Клаус, Еуропалық комиссия президенті Жозе Мануэль Баррозу және Еуропа Одағының сыртқы сасяат жөніндегі басшысы Хавьер Солана қатысуда.
Саммиттің негізгі келіссөздері жұма күнге белгіленген. Онда энергетикалық мәселелерді шешу қажеттігі талқыланады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG