Accessibility links

АҚШ президенті Гуантанамо абақтысын жабу жоспарымен таныстырды


АҚШ президенті Барак Обама ұлттық қауіпсіздікке байланысты сөз сөйледі. Онда Гуантанамо абақтысын жабу стратегиясы туралы айтып, оны жабуға сөз берді. Америка терроризммен күресте өзінің моралдық құндылығын жоғалтпауы керек, Гуантанамо түрмесі Американың абыройына кері салдарын тигізіп келеді. Және Гуантанамо абақтысының болуы террористерді құрықтаудан гөрі олардың тобын көбірек құрып жатыр деді Обама.
Обаманың бұл үндеуі терроризм күдіктілерін қамауда ұстайтын түрмені жабу үшін оның 80 млн доллар сұрағанын Сенат қабылдамай және қамаудағыларды Құрама Штаттарға ауыстыруға тосқауыл қою үшін дауыс берген екінші күні болып отыр.
Конгресс мүшелері АҚШ-қа Гуантанамодағы 240 тұтқынды әкелу Американың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді дейді.
XS
SM
MD
LG